Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік 
мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. 

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі  

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 
Дүйсенбі – жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін  
Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін   

Түскі үзіліс уақыты:  
Дүйсенбі – жұма күндері сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін  

Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді 

Кешенді тесттің өту мерзімі Тест   Тесттің ұзақтылығы Кешенді тесттің нәтижесі «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі 
28 наурыз  2024 жыл Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру 
қабілетін бағалау тесті:
 – Математика 
– Сандық сипаттамалар 
 – Жаратылыстану 
120 минут Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады  «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі  Жұмыс органымен шығарылады 
29 наурыз  2024 жыл Тілдік тест:
  – Қазақ тілі 
  – Орыс тілі 
  – Ағылшын тілі  
120 минут