Мақсаты:

Психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін ұйымдастыру арқылы білім беру үдерісіне қатысушылардың психикалық денсаулығын, бейімделу әрекетіндегі әл-ауқатын, даму қиындығын еңсертуде, білім алудағы және жұмыстағы күйзелісті төмендетуде, өмірлік өзін-өзі айқындауда (пәндік және кәсіби таңдау) қолдау және дамыту.

Міндеттері:

  • Жаңадан келген оқушылар мен педагогтардың НЗМ-де оқу/жұмыс жасау жағдайына бейімделу
  • Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қолдау үшін оқушының тұлға профилін тану
  • Арнайы білім беру қажеттіліктері (академиялық, әлеуметтік-экономикалық, мінез-құлық қиындықтары) бар оқушыларды анықтау және қолдау
  • Өмірлік өзін-өзі анықтауға көмек: пәндік және кәсіби таңдау
  • Оқушыларды және олардың ата-аналарын емтихан алды және емтихан кезінде қолдау
  • Оқушының дамуына және білім алуына әсер етуге индивидуалды кәсіби қажеттілікті ескере отырып, мектеп психологтарын кәсіби дамыту