Білім берудің ұлттық және халықаралық үздік тәжірибелерін қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты, интеллектуалды дамуына ықпал ететін сапалы білім беру.
  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ – академиялық терең біліммен қаруланған, үш немесе одан да көп тілді меңгерген, кең ауқымды дағдылары қалыптасқан, Қазақстан Республикасының және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге қабілетті, елдің және әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, белсенді  азаматтық ұстанымы бар, адамгершілік  құндылықтары  жоғары ұлтжанды  тұлғалар.
  • МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ – әр оқушының  жеке  әлеуетін жүзеге асыратын  біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар
  • БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ – оқушының жан-жақты дамуына әсер ететін инновациялық технологиялар мен  түрлі оқу ресурстарын қамтитын, игілікті, қолайлы және қауіпсіз орта
  • МЕКТЕП ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – стратегиялық мақсаттарға жету үшін  тығыз қарым-қатынаста  бірлесе жұмыс жасайды.
  • Құрмет
  • Адалдық
  • Ашықтық
  • Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері
  • Отансүйгіштік және жауапкершілік
  • Денсаулық және әл-ауқат
  • Еңбекқорлық және шығармашылық
  • Жаһандық азаматтық

ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ – бұл жаһандық қоршаған ортаны және оның өзара байланысын түсіну, әртүрлі мәдениеттерге толлеранттық пен жанашырлық көрсету, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті, тұрақтылық пен әділеттілікті нығайтуға үлесін қосу.

ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТ
– Жергілікті, ұлттық және жаһандық қауымдастықтар арқылы кең әлемді біледі және түсінеді.
– Барлық адамдардың құқықтары мен ар-намысын қорғайды.
– Ақылға қонымды шешімдер қабылдайды және оң, әділ, әрі қауіпсіз әлем құруға көмектеседі.
– Әлемді әділетті және тұрақты ету үшін басқалармен бірлесе жұмыс жасайды.
–  Әлемдегі экологиялық мәселелерді шешуге үлесін қосады.

САНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ – қоғам игілігі үшін сандық кеңістікте өзін-өзі дамытуға және өзара әрекеттесуге бағытталған сандық білім мен дағдылардың жиынтығы.

Оқушылардың ерекше қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету