2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ 7-СЫНЫПТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІ

Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі (әр мектептегі орын саны шектеулі).

Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Байқау тестілеуі ақылы негізде жүзеге асырылады (12 000 теңге).

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тест бөліміТапсырма саныБерілетін уақытМаксималды балл
1Математика40 тапсырма60 минут400
2Сандық сипаттамалар20 тапсырма*10 минут100
3Жаратылыстану20 тапсырма30 минут200
 ҮЗІЛІС10 минут
4Қазақ тілі (бірінші тіл)20 тапсырма120 минут200
5Орыс тілі (екінші тіл)20 тапсырма200
6Ағылшын тілі20 тапсырма200
Барлығы140 тапсырма3 сағат 50 минут (үзіліс уақытын қоса алғанда) 1300

* Негізгі конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 20 тапсырма ғана беріледі.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

2023-2024 оқу жылында 5 байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

Байқау тестілеуі өткізілетін күнТестілеуге тіркелу және қатысу үшін орын брондау*
123 желтоқсан 2023 ж.11-20 желтоқсан 2023 ж.
220 қаңтар 2024 ж.25 желтоқсан 2023 ж. – 17 қаңтар 2024 ж.
33 ақпан 2024 ж.22-31 қаңтар 2024 ж.
417 ақпан 2024 ж.5-14 ақпан 2024 ж.
52 наурыз 2024 ж.19-28 ақпан 2024 ж.

* Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында жүзеге асырылады. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОРЫН БРОНДАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілінің (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында тіркелуі.

2-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізу.

3-қадам. Орын брондау:

  • байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдау;
  • байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысу және келісу.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлеу (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсатнамасын жүктеп алу  (мектепке келу уақыты рұқсатнамада көрсетіледі).

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ, МЕКЕНЖАЙЫ

Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы  хабарласуыңызға болады.

Байқау тестілеуі өткізілетін мектептер (құжат тапсырған мектепке қарамастан, байқау тестілеуін кез келген мектепте тапсыруға болады)Мектептің мекенжайы1 тестілеуге бөлінген орын саныМектептің байланыс телефоны
1Астана қ. ФМБ НЗМХусейн бен Талал көшесі, 212008 (7172) 575785
2Астана қ. НЗМХусейн бен Талал көшесі, 191508 (7172) 558033
3Астана қ. Халықаралық мектепТүркістан көшесі, 32/11008 (7172) 916177
4Қарағанды қ. ХББ НЗМШахтеров даңғылы, 621758 (7212) 507855
5Көкшетау қ. ФМБ НЗМЖ. Тлеулин көшесі, 591508 (7162) 253140
6Алматы қ. ФМБ НЗМГорный Гигант ы/а, Жамақаева көшесі, 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы2008 (7273) 310104
7Алматы қ. ХББ НЗМҚалқаман-2 ы/а, Елібаев көшесі, 22008 (7273) 383300
8Талдықорған қ. ФМБ НЗМҚаратал ы/а, 471508 (7282) 400069
9Ақтау қ. ХББ НЗМ33 ы.а., 161508 (7292) 701061
10Ақтөбе қ. ФМБ НЗМАстана ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 81758 (7132) 411737
11Атырау қ. ХББ НЗМНұрсая ы/а, 11-көше, 221508 (7122) 558551
12Қостанай қ. ФМБ НЗМНұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 2391208 (7142) 390677
13Қызылорда қ. ХББ НЗМСұлтан Бейбарыс көшесі, 61508 (7242) 402375
14Павлодар қ. ХББ НЗМТкачев көшесі, 16/21508 (7182) 663410
15Петропавл қ. ХББ НЗМИбраев көшесі, 22 А1508 (7152) 559722
16Семей қ. ФМБ НЗМҚарағайлы ы/а, 11508 (7222) 636350
17Тараз қ. ФМБ НЗМАрай массиві, Домалақ ана, 266150       8 (7262) 999856
18Түркістан қ. ХББ НЗМАтатүрік көшесі, 1952008 (702) 0663377
19Орал қ. ФМБ НЗММәскеу көшесі, 161708 (7112) 246512
20Өскемен қ. ХББ НЗМҚ. Сатпаев даңғылы, 531508 (7232) 712715
21Шымкент қ. ФМБ НЗМАқжайық ы/а, Элитный қалашығы, 6-ғимарат1608 (7252) 294488
22Шымкент қ. ХББ НЗМНұрсәт ы/а, 1А2008 (7252) 775534

Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысы және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының байланыс телефондарына хабарласыңыз: 8 (7172) 23 52 78 (iшкі нөмір – 1313), 8 (7172) 23 57 63 (iшкі нөмірлер – 1319, 1323, 1315).

Байқау тестілеуінің шарттары, өткізілу тәртібі, тіркелу, төлем жасау және қатысушылардың байқау тестілеуі кезіндегі тәртіп ережесіне қатысты толық ақпарат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы ережеде көрсетілген.