2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев педагогикалық ұжыммен кездесіп, білім берудегі озық ұлттық және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, оқушылардың жан-жақты, интеллектуалдық дамуы үшін сапалы білім беру міндеттерін жүктеді.
2017 жылы мектеп CIS халықаралық мектептері кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтті, білім беру жүйесі халықаралық стандарттарға сайкес келетінін растады
2019 жылдың наурыз айында өткен «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» IX Наурыз кездесулеріне еліміздің ғарышкерлері Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, Ә.Әйімбетов пен 700-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Союз» ғарыш кемесінің ұшырылғанына куә болды.