ӘКЕЛЕРДІҢ САХНАДАҒЫ ДЕБЮТІ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкелер Кеңесі ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Шуақты көктем шырайы» атты мерекелік салтанатты шара өтті.

Әр түрлі жастағы жігіттердің құттықтау прологынан басталған шара әкелердің бір ұжым болып кеңесу форматында өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Ерлер нәзік жандылардың құрметіне арнап түрлі музыкалық қойылымдарда өнер көрсеттіп, ана туралы керемет әндерді хормен шырқады.

Сондай-ақ, өлеңдер арқылы әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен оларға деген құрметті жеткізді. Күйшілер домбырамен ән айтса, «жайдарманшылар» тобы түрлі тақырыптағы әзірдерімен көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады. Концерт барысында аналар қауымы ойындарға қатыстып, вальс биледі.

Әкелер Кеңесінің сахнадағы дебюті әсерлі «Жан ұямыз» әнімен сәтті қорытындыланды.