You are currently viewing Қызылордалық мұғалімдер республикалық STEAM тренері атанды

Қызылордалық мұғалімдер республикалық STEAM тренері атанды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Вера Кораблева мен Жасұлан Сапарбаев сертификатталған STEAM тренері мәртебесіне ие болды.

NIS педагогтері Қазақстанда STEAM білім беруді дамытудың жол картасы шеңберінде «Jana Talap: STEAM пәндерін оқытуда құзыреттіліктерді дамыту» атты

біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

144 сағатты қамтитын курста еліміздің 50-ге жуық мұғалімі оқыту үдерісінде STEAM білім беруді қолдану әдістері мен қағидаларын үйреніп, өз оқу бағдарламаларын әзірлеуге дағдыланды.

«STEAM — оқытудың интеграцияланған және пәнаралық тәсілі. Бұл бағдарлама оқушыларға ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы кіріктіріп оқытуды мақсат етеді. 3 айға созылған курста отандық және шетелдік тәжірибелермен танысып, педагогикалық құзыреттіліктерімізді дамыта алдық. Инженерлік дизайн, проблемалық оқыту бөлімдерін жан-жақты қарастырып, білімімізді арттырдық», — дейді сертификат иесі Жасұлан Сапарбаев .

Мичиган мемлекеттік университетінің оқытушылары мен әлемдік білім саласының сарапшыларынан дәріс алған педагогтер алдағы уақытта аймақтағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасатын болады.