Оқушылар В.Я.Курбатов атындағы халықаралық конкурсынан жүлделі оралды

29 наурыз 2024 15:33

Ақтаудағы NIS оқушылары В.Я.Курбатов атындағы халықаралық «Химия:ғылым және өнер» конкурсына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Мектептің оқушылары Әмина Тайжанова мен Сара Сайранова Санкт-Петербургте профессор Владимир Курбатов атындағы «Химия: наука и искусство» атты XIV халықаралық ғылыми жобалар байқауында бірінші орынды иеленді. Жетекшілері Бахытгүл Жаксылыкова.

Сонымен қатар халықаралық олимпиадасында «Первые шаги в химии» номинациясында Ақтаудағы Зияткерлік мектептің оқушылары Мерей Мусиралиева, «Химия и экология» номинациясында Фариза Гинулла мен Аяулым Үмбетова және Махмұд Мұстафаұлы мен Еркебұлан Балғабеков, «Химия и жизнь» номинациясында Аружан Баянгали мен Динара Медал және Ұлан Мұрат үшінші орынды иеленді.