Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар комитетінің отырысы өтті

28 ақпан 2024 21:49

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар комитетінің отырысы өтті. Отырыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбар Мурзабеков ата-аналарға «Ата-аналар университеті» бағдарламасы бойынша БҰҰ балаларды қорғау туралы конвенциясын таныстырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы - балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім. Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Айбар Бейбітұлы конвенцияда көрсетілген баптарды негізі ала отыра, ата-аналар балаға қауіп төндіретін дүниелерден алшақ ұстауы керектігін ескертті: - Конвенцияда көрсетілгендей 18 жасқа толмаған әрбір адам «бала» болып есептеледі. Ата-ана қандай да бір шешім қабылдау кезінде баламен ақылдасу қажет. Сонда ғана бала отбасында өзін қажетті тұлға санайды. Әсіресе мектеп жасындағы жасөспірімдер отбасының, әлеуметтің қолдауына зәру болады. Сондықтан ересектер баланың көзқарасын құрметтеуі тиіс,- деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.