- /
- Новости /
400-ге жуық оқушы Шәмші әндері шырқалған қайырымдылық балына қатысты
02 желтоқсан 2024 10:00
Ақтау қаласындағы NIS-тің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Әнім сен едің» қайырымдылық балы өтті.
Қазақ вальсінің королі, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған шара 400-ге жуық оқушы мен ата-ананы қамтыды.
Шараны мектеп директоры Ринат Жұмабаев ашып, ізгі іске шақыратын ауқымды шараны ұйымдастырған ұжымға және оқушыларға сәттілік тіледі. Би қойылымдары Үлбір Саматқызының жетекшілігімен дайындалды.
Әуезді ән ырғағымен қатысушылар композитордың “Ана туралы жыр”, “Тамды ару”, “Кешікпей келем деп ең”, “Ақ бантик”, “Арыс жағасында” шығармаларына вальс билеп, кеш қонақтарына әсер сыйлады.