«Қазіргі Қазақстан мектебінің жағдайындағы STEAM білімі»

28 ақпан 2024 22:28

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазіргі Қазақстан мектебінің жағдайындағы STEAM білімі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбы Caravan of Knowledge Қазақстан Республикасының Білім Министрлігімен және Chevron Munaigas Inc бірлесіп іске асыратын «Jana Talap» жобасы шеңберінде өткізілді. Тренингтің мақсаты білім беру ортасында STEAM-оқыту бойынша білімді құрылымдау. Мұғалімдердің STEAM сауаттылығын тиімді оқыту және әдістерін, принциптері мен стартегияларын меңгеруі. Сондай ақ, әр ұтазға мектебінде STEAM оқыту тәжірибесін ойлауға және сыни тұрғыдан талдауға мотивация беру. «Қазіргі Қазақстан мектебінің жағдайындағы STEAM білімі» тақырыбында өткен тренингке Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Дарын мектеп-интернаты, №2 жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері және Шетпе ауылындағы Нұн Жұбаев атындағы мектеп, Ақтаудағы NIS ұстаздары қатысты. Шеберлік сыныбына қатысушылар өздерінің сабақтарында STEAM әдістерін үйренуге және 5 E оқыту циклін, инженерлік дизайнды және проблемалық оқытуды қолдануға қызығушылықтарын атап өтті. Шеберлік сыныбын жүргізген сертификатталған STEAM «Jana Talap» тренерлері Гүлжан Нүсіпжанова және Қайрат Тлеуов.