Тәлімгерлік

project

"Тәлімгерлік" жобасы бейресми оқытуға жағдай жасауға бағытталған.

Тәжірибесі мен білімі бар 11 сынып оқушылары 8-9 сынып оқушылары үшін тәлімгерлер мен кеңесшілер ретінде әрекет етіп, "Шаңырақ" оқушылар қауымдастығының сабақтастығы идеясын жалғастырады. Табысты тәлімгерлік қарым-қатынас оқушыға да, тәлімгерге де әртүрлі артықшылықтар береді.

Бұл жоба оқушыларға мектепке деген оң көзқарасты дамытуға және мектеп қауымдастығындағы климатты жақсартуға мүмкіндік береді. Оқушылар өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі бағалауды және қоғамдастық сезімін нығайтады. 

Тәлімгерлікті іске асыру кезінде (теңдік, сенім, жауапкершілік және кері байланыс беру) негізгі қағидаттарды сақтау ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқу жылының басында тәлімгерлер (11 сынып оқушылары) арасында 8-9 сынып оқушылары бөлінеді. Олармен келесі кезеңдер бойынша: зерттеу - әрекет - рефлексия - демонстрация бағытында жұмыс жүргізіледі.