Ата-аналар комитеті барлық өзекті мәселелер бойынша мектеп әкімшілігімен үнемі тығыз байланыста болып отырады. Өткен оқу жылында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ата-ана-оқушы-мұғалім арасындағы байланысты нығайту мақсатында көптеген кездесулер мен іс-шараларда белсенділік көрсетті. Әсіресе, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қамқорлық танытуда мектеп ата-аналарының үлесі зор.
Жаңа мүшелерімен толыққан ұйым алдағы жұмыс жоспарын пысықтап, алғашқы идеялары мен жобаларын жүзеге асыруды бастады.