[vc_row][vc_column width=»1/2″][vc_images_carousel images=»7439,7440,7441,7442,7443,7444,7445,7446,7447,7448,7449,7450,7451,7452,7453,7438″ img_size=»700х480″][/vc_column][vc_column width=»1/2″][vc_column_text]
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап «Ел қуаты – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Салтанатты шарада жас зияткерлер ұстаздарымен бірге өнер көрсетіп, Ұлы даланың егемендік алған жылдары мен жаңа тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына көз жүгіртті.
Алғашқы сөз алған мектеп директоры Бахыт Жұматай әрбір азамат үшін ең маңызды айтулы мерекемен құттықтап, бабаларымыздан қалған мол мұрадан сусындап, болашаққа нық қадам басуға және еліміздің мықты мемлекет болу үшін үлес қосуға шақырды.
Шара барысында мектептің бірқатар қызметкерлері өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы белсенді еңбегі мен қосқан ерекше үлесі үшін мектеп директорының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған қойылымдар мен күйлер орындалған бұл шарада қатысушылар мен көрермендердің туған жерге деген сүйіспеншілігі оянып, ел тәуелсіздігінің мәртебесі артты.
[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]