«Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» әлеуметтік жобасына Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қосылды.
Мұғалімдер күнінде Жұматай Бахыт Әмірханұлы өзінің алғашқы ұстазы Стебнева Ольга Николаевнаға алғыс білдіріп, республикалық «Білімді ел» газетінің жылдық жазылымын сыйға тартты.
– Бастауыш мектеп – орта білім берудің негізі. Алғашқы ұстазым Ольга Стебневаның өмірімде атқарған рөлі зор. Ольга Николаевна әр оқушымен жеке жұмыс жасап, өз балаларына қарағандай қамқорлық көрсетті. Өзін толығымен сабаққа арнап, оқуға және дамуға бізді үнемі ынталандырып отыратын, – деп естеліктерімен бөлісті Бахыт Әмірханұлы.
Ольга Стебнева – Түркістан облысы Ордабасы ауданының Бадам ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің ардагер ұстазы. Ұзақ ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардақты педагогпен шәкірттері үнемі байланысып, кеңесіп отырады.