«Каникуларлық мектеп» Зияткерлік мектептерге түсу бойынша үміткерлерді қолдау үшін құрылған. Осы жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының 5 және 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептерге конкурстық іріктеуге дайындау болып табылады.

«Виртуалды мектептің» қорытынды тестілеуі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған оқушылар жазғы және қысқы демалыстарда каникуларлық мектепті қысқа мерзімді оқудан өту үшін Зияткерлік мектептерге шақырылады.