Оқушылардың академиялық білімінің деңгейін, жобалық-зерттеу дағдыларын, тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2012 жылдан бастап жыл сайын «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады.

   Жазғы мектеп бағдарламалары оқушыларға мектеп бағдарламасы бойынша білімдерін тереңдетуге, эксперименттік іс-әрекет дағдыларын дамытуға, оқу процесінде оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы әлеуметтік тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

   Жазғы мектепті Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қазақстандық және шетелдік мұғалімдері, шақырылған оқытушылар, жергілікті және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары өткізеді.

    Ұзақтығы екі аптаға созылатын мектеп жұмысы түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға ықпал ететін, шағын топтарда ұйымдастырылады.

    Жазғы мектептерде оқушыларға қызығушылықтары аясында оқу мен демалысты кіріктіруге жағдайлар жасалған. Оқушылар қолөнер, музыка, сурет салу, бейнероликтерді монтаждау, робототехника, қыш өнері, 3 D модельдеу, музыкалық аспаптарда ойнау, хореографиялық билер, театр, спорттық іс-шаралар сияқты түрлі үйірмелерге қатыса алады.

    Жазғы мектептердің қызметі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ NIS-Programme білім беру бағдарламасы аясында келесі бағыттарда ұйымдастырылады.

    Жазғы мектеп өз қызметін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2019 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен (№15 хаттама) бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады

    Жазғы мектепке қатысу үшін оқушының заңды өкілдері summerschool.nis.edu.kz сайтында онлайн өтінім қалдырулары қажет.