You are currently viewing Дина Жанузакова 3 миллион теңге грант жеңіп алды

Дина Жанузакова 3 миллион теңге грант жеңіп алды

Еліміздің шығармашыл жастардың жаңа бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауда Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Дина Жанузакова жеңімпаз атанып, 3 миллион теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

Сырбойылық ару өз жобасын еліміздің бірегей тарихи көрікті жерлерінің бірі – Сығанақ қалашығын 3D форматта реконструкциялауға арналады:

Бұл цифрлік жобам қазіргі жастарды Қазақстанның мәдени мұрасына қызығушылығын оятуға бағытталған. Жобаны дайындау барысында маған бағыт-бағдар берген мектеп мұғалімдеріне ерекше алғысымды білдіремін.