You are currently viewing «Екі жұлдыз»: оқушылар мен мұғалімдер ән байқауында сайысты

«Екі жұлдыз»: оқушылар мен мұғалімдер ән байқауында сайысты

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте «Екі жұлдыз» шығармашылық байқау өтті. Оқушылар ұстаздарымен бірге ән шырқап, өнерлерін паш етті.

Қатысушылар әйгілі «Титаниктен» бастап қазақ кино өнерінің танымал туындыларына жазылған саундтректерді орындады.
Әр номерге шаңырақпен бірге дайындалып, сахнаны тақырыпқа сай безендіріп, бимен сүйемелдеп, көрермендерге нағыз шоу сыйлады.

Жұлдызы мен бағы жанған сайыста Бас жүлдені «Жанкент» шаңырағының оқушысы Назым Орынтай мен математика пәні мұғалімі Баймен Сәбит иеленді. Бірінші орынды «Айша бибі» шаңырағынан Айерке Абсадық пен мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов жеңіп алды. Екінші орынды «Хан тәңірі» шаңырағынан Темірлан Амантай мен домбыра үйірмесінің жетекшісі Жәнібек Тұрғанбай және «Сұңқар» шаңырағынан Дария Мейржанқызы мен информатика пәнінің мұғалімі Ұлжан Абуова өзара бөлісіп алды. Ал «Ақмешіт» шаңырағынан Биғаным Камал мен сынаптасы Әлғани Әмір, «Бұхарбай батыр» шаңырағынан Жантөре Серікбай мен зертханашы Айша Жүгініс, «Мұстафа Шоқай» шаңырағынан Оңдасын Шамғұн мен педагог-куратор Нұржан Бисенбаев үздік өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға лайықты деп танылды.