You are currently viewing Оқушылар шыны зауытымен танысты

Оқушылар шыны зауытымен танысты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыстағы шыны зауытында болып, жұмысымен танысты.

«Бегім ана» шаңырағының білім алушыларына «ORDA GLASS LTD« компания өкілдері кәсіпорын құрылу тарихынан таныстырылым жасап, кварц құмы мен натрий карбонатынан әртүрлі салаларда кеңінен қолданылатын әйнек алу үдерісін көрсетті. Бүгінде зауыт соңғы заманауи технологиялармен жабдықталған. Тәулігіне 600 тоннаға дейін қалқымалы шыны өндіріледі. Бұл өнім Ресей, Әзірбайжан және Орталық Азия елдеріне экспортатталады.

Оқушылар шыны өндірісі туралы ақпарат біліп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар алды.