Мектеп директоры

Бекболатов  Жаңбыржан Сәрсенұлы 1985 жылы 04 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «Шет тілдері, ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.  Филология ғылымдарының магистрі.  

Жаңбыржан Сәрсенұлы NIS жүйесінде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Семей қаласындағы Зияткерлік мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың орынбасары, сондай-ақ орталық аппаратта Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінде қызмет етті. Елордадағы Халықаралық мектеп директорының орынбасары лауазымында аккредиттеу және CIS-пен ынтымақтастық орнату, оқушылардың жобалық және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті мен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін дамыту және өзге де маңызды басымдықтармен айналысты.  

Жаңбыржан Сәрсенұлының жалпы еңбек өтілі – 13 жыл. Педагогикалық салада 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Пенсильвания, Кембридж университеттерінің және  Лондондағы колледждің  біліктілікті арттыру курстарынын қатысушысы.  Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.  

Білім саласындағы  қомақты жетістіктері  үшін  Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдығына арналған төсбелгісімен марапатталды.  

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бейімбетов Қалман Жансаұлы 1993 жылы Жезқазған педагогикалық институтын 1993 жылы аяқтады, мамандығы бойынша математика және информатика пәнінің мұғалімі. Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі болып 1993 жылдан 1995 жылға дейін жұмыс істеді., 1995-1999 жж-Т.Рысқұлов атындағы N222 орта мектеп директорының орынбасары, 2008 жылдан 2010 жылға дейін- Ж.Жабаев атындағы N120 орта мектеп директорының орынбасары, 2010 жылдан 2013 жылға дейін -N144 С.Әлжіков атындағы орта мектеп директорының орынбасары

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Байқаулардың қатысушысы және ұйымдастырушысы, информатика және математика пәндері бойынша дидактикалық материалдар жинағының авторы, облыстық және қалалық семинарларда баяндамалар жасайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алғыс хатымен, 2014 ж., Қызылорда қаласы әкімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды, мектепішілік бақылауды жоспарлау мен ұйымдастыруға басшылық жасайды, оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманың әзірленуін ұйымдастырады, бақылайды.

Пошта: beimbetov_k@kzl.nis.edu.kz

Жеке жолы: НЗМ – қазақстандық білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық тәжірибені тарататын оқу орны.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 Әбдірайымова Ләззат Өндірісқызы Қызылорда қаласындағы  Қорқыт ата  атындағы мемлекеттік университетін бітірген, 1992 ж., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы N 5 орта мектепте тарих және орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1995 жылдан Қызылорда қаласындағы N2 орта мектепте тарих пәнінен сабақ берді.

2004 жылы директордың орынбасары болып тағайындалды. Қызылорда қаласы «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебінің директордың орынбасары болып жұмыс атқарды.

Зияткерлік мектеп жүйесіне 2013 жылы қабылданып, тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс бастады.

2014 жылы Қызылорда қаласы ХББ НЗМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Республикалық семинарлардың жұмысына қатысты, халықаралық конференцияларда жарияланымдары бар.

«Дарынды балаларды тәрбиелеу үшін» төсбелгісімен, 2008 ж., «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталған, 2017 ж.

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесінің мәселелерін талдайды, мектептегі тәрбие жұмысын ағымдағы және келешекке жоспарлауды ұйымдастырады, мектеп қоғамдастығы мүшелерінің әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға қатысуын қамтамасыз етеді, мектептің даму жоспарын жасайды, мұғалімдер мен кураторларға инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын әзірлеуге және дамытуға көмектеседі, ата-аналарға оқу процесін ұйымдастыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырады.

Пошта: abdraimova_l@kzl.nis.edu.kz

 Жеке жолы: НЗМ – тең мүмкіндіктер мектебі. Бұл мектеп республикадағы жетекші оқу орны болып табылады. Біздің серпінді мемлекетімізге, әлемге адам ресурстарын дайындайтын мектеп.

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Қайнарбаев Ербол Еділбайұлы Қорқыт ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2009 жылы бітірген, биология және химия мамандығы бойынша, педагогика ғылымдарының магистрі.

Университет бітіргеннен кейін Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы  Әл-Фараби атындағы №201 ауылдық мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады, 2011 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов  атындағы №123 орта мектебіне биология пәнінің мұғалімі болып ауыстырылды. 2013 жылы ХББ НЗМ Қызылорда қаласындағы филиалына биология пәнінің мұғалімі болып қабылданды. 2021 жылдан бастап директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. 

2017 жылы Гринвичте «CLIL and Practicum Element Teacher Training course at Oxford International» тағылымдамасынан өтті. Биология пәнінің  тапсырмалары бойынша әдістемелік құралдың бірлескен авторы, 2020, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныптары үшін жиынтық бағалауға арналған жинақтарды, әдістемелік ұсыныстар мен спецификацияларды әзірлеуге және сараптауға қатысқан, ағылшын тілін еркін меңгерген. 2021 жылы «НЗМ» ДББҰ ПӨО филиалының алғыс хатымен марапатталған.

Мектептің ғылыми-әдістемелік, ғылыми-инновациялық қызметін ұйымдастыруға және дамытуға басшылық жасайды, оқытудың жаңа әдістері мен оқу бағдарламаларын талдайды және сынақтан өткізеді, оларды қолдану бойынша ұсыныстар жасайды, әдістемелік шараларды, педагогикалық мектепішілік байқауларды өткізу жұмыстарын үйлестіреді.

Пошта: kainarbaev_e@kzl.nis.edu.kz

Жеке жолы: НЗМ стратегиялық мақсаты – заманауи ғылым мен мұғалімдердің отандық және халықаралық үздік тәжірибесін көрсететін білім берудің инновациялық моделін қамтамасыз ету болып табылады.

Директордың қаржы-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

Оразбай Шолпан Жеткергенқызы 1992 жылы Алматы көлік инженерлері институтын, 1998 жылы Қызылорда политехникалық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облыстық экономика басқармасының күрделі құрылысты болжау бөлімінің маманы болып бастады. 1999 жылдан Қызылорда облыстық экономика басқармасының әлеуметтік сала және аймақтық саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2006 жылы Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы болып тағайындалды.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласындағы  ХББ НЗМ директорының қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары.

«НЗМ» ДББҰ-ның 10 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталған, Қызылорда облысы бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының, Қызылорда облысы әкімінің, Қызылорда облысының экономика басқарма басшысының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Мектептің қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырады, бекітілген бюджет шегінде бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Пошта: orazbai_sh@kzl.nis.edu.kz

Жеке жолы: НЗМ – еліміздің болашақ элитасын тәрбиелеуге үлес қосатын қазақстандық білім берудің үздік үлгісі.

            Наурызбаев Бақдаулет
                      бас есепші

Төремұратова Салтанат Сеилқызы есепші

Мухамбетова Гульбакит Ашарбаевна 
есепші

Досанова Гүлсім
Тұрғанғазықызы
әдіскер

Ахбембетова Науат
Ескалиқызы
экономист

Қонысова Ұлжан Болатқызы
кадр мәселелері жөніндегі маман

Каласов Нұрбек
Казыбекұлы
заңгер

Әбенов Еркебұлан Тұрсынғалиұлы
кәсіби бағдар кеңесшісі

Мырзабекова Куляш Мырзабековна
экономист

Рыбина Елена Владимировна
баспасөз хатшысы

Жұмашева Баян Жумабаевна
 іс жүргізуші