You are currently viewing Түлектерге аттестат табысталды

Түлектерге аттестат табысталды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектерге аттестат табыстау салтанатты шарасы өтті.

Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасынан 113 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Оның 3-і «Алтын белгі», 16-ы ерекше аттестат иегері атанды.

Мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов жас зияткерлерге алдағы білім жолында сәттілік тілеп, мықты маман атанатындарына сенім білдірді.