Робототехникадан халықаралық WRO-2024 олимпиадасының республикалық кезеңінде Алдияр Аппаз және Ернұр Сәду І орынды, Максим Усольцев және Дінмұхаммед Абдиев ІІ орынды иеленсе, тағы 3 команда үздік рейтинг көрсетіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Ал халықаралық ғылыми жобалар сайысында Алина Палимбетова, Аружан Мырзабекова және Алдияр Аппаз жеңімпаз атынып, Еуразиялық технологиялық университетінің грантына ие болды. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа оқу жылын осындай жетістіктермен бастады.
Білім күні қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік жиында мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов оқушылар мен ұстаздардың қол жеткізген табысты еңбектеріне алғыс білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар NIS атты үлкен жанұяның мүшесі атанған жас өрендерге сәттілілік тіледі.
7-сынып оқушыларының шеруі мерекелік ән-шашумен жалғасты. Жоғары сыныптың білім алушылары ізбасарларына мектепте өткізілетін жобаларды таныстырды. Сонымен қатар «Білім аллеясында» зияткерлердің ғылыми өнертабыстары мен зерттеу жобаларын тамашалап, NIS-тің шәкірттерге жол ашар мүмкіндіктерін бақылай алды.