You are currently viewing Ата-аналар комитеті: жаңа құрам, жаңа бағыт

Ата-аналар комитеті: жаңа құрам, жаңа бағыт

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте ата-аналар комитетінің отырысы өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымдары туралы баяндап, жұмысы таныстырылды.

Кеңес төрағасы Аида Қасымова Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен Астана қаласында өткен басқосуда көтерілген мәселелер мен алдағы жылға жоспарланған байыпты бастамаларын баяндап берді.

Жиналыста мектептің дамуына қатысты өзге де бағыттар қаралып, ұсыныстар тыңдалды. Сондай-ақ, ата-аналар комитетінің жаңадан құрылған 5 сектордың жауапты үйлестірушілері тағайындалды. Атап айтқанда, «Ата-аналармен жұмыс жүргізу» бағытына Аида Қасымованың, «Іс-шараларды ұйымдастыру» – Инара Найзабекованың, «PR» – Жайна Қарлыханованың, «Кәсіптік бағдар беру және құқықтық ағарту» – Молдахмет Ағыбаевтің, «Әл-ауқат және бракераж комиссиясы» – Жанар Найзабаеваның кандидатуралары мақұлданды.