You are currently viewing Ағылшын тілінде сөйлеттін мемлекеттерге саяхат 

Ағылшын тілінде сөйлеттін мемлекеттерге саяхат 

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте бүгінде ағылшын тілінде сөйлейтін елдер фестивалі өтуде.

Ұлыбритания, АҚШ, Шотландия, Ирландия, Жаңа Зеландия және ағылшын тілі ресми тіл ретінде бекітілген тағы басқа мемлекеттер туралы  оқушылар күнделікті таныстырылымдар жасауда.

Педагог-кураторлардың жетекшілігімен жас зияткерлер  берілген тақырып бойынша алдын-ала зерттеу жүргізіп, сол елдің этникалық  ерекшеліктерін,  салты мен дәстүрлерін сипаттайтын қойылымдар ұсынуда.

Мектеп ішінен бөлінген аумақты сол елдің нақышында безендіріп, көрермендерге  ұлттық киімдер,  музыкасы, биі мен тағамдарын таныстыруда.

«Біздің мектептің басты миссиясы – оқытудың  үздік тәжірибелерін қолдану арқылы оқушыларды жан-жақты, интеллектуалды дамуына ықпал ететін сапалы білім беріп, жаһандық азамат болып қалыптастыру. Яғни дарынды жастарды әртүрлі мәдениеттерге толлеранттық пен жанашырлық көрсете білуге үйрету. Бүгінгі шарамыздың мақсаты да осы болып отыр, – дейді ұйымдастырушылар, ағылшын-тілі пәнінің мұғалімі Ақбота Базарбайқызы.  

Білім мен креативтілік тоғысқан шара осы аптаның соңына дейін жалғасады.  Алдағы екі күнде көрермендер  Австралия, Малайзия, Канада, Филиппин, Ямайка мен Нигерия елдеріне саяхаттап,  мәдени және дәстүрлі айырмашылықтары туралы білім көкжиегін кеңейтпек. Ал фестиваль қорытындысы бойынша үздік таныстырылымдар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.