You are currently viewing Мектеп қызметкерлеріне арналған спорт күні

Мектеп қызметкерлеріне арналған спорт күні

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп қызметкерлері арасында волейбол мен үстел теннисінен спартакиада өтті.

Волейбол алаңында 6 команда спорттық шеберліктерін шыңдап, жанкүйерлеріне қызықты ойын-өрнегін көрсетті. Нәтижесінде 3-орынды «Әкімшілік», 2-орынды «Физика» және 1-орынды «Математика» бірлестіктері иеленді.

Барлық жеңімпаз командаларға және үздік атанған ойыншыларға арнайы номинациялар беріліп, дене шыңықтыру әдістемелік бірлестігі дайындаған дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Үстел теннисінде педагог-куратор Бағдат Әбілов жеңіс тұғырынан көрінсе, жүлделі 2 және 3-орындарды информатика пәні мұғалімі Мади Жұматаев пен математика мұғалімі Баймен Сәбит бөлісіп алды. «Үздік ракетка» номинациясы Мұхтар Бегайдаров, Жәнібек Тұрғанбай және Серік Ахметовке бұйырды.