Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика, химия, биология әдістемелік бірлестіктері қызметкерлер арасында тимбилдинг ұйымдастырды.
Спорт алаңына жиналған ұстаздар, зертхана қызметкерлері мен басқа да мамандар түрлі спорттық тапсырмаларды орындады. Мақсат – достық байланысты нығайтып, алға қойған мақсаттарға бірлесіп жетуде ұжымды біріктіру.
«Бұл тек спорттық сайыс емес, сонымен қатар – командада өзара түсіністік және стратегиялық ойлауды дамытуға мүмкіндік. Ашық алаңда демалып, көңілді әрі денсаулыққа пайдалы уақыт өткіздік», — дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Омарова.