You are currently viewing Қызылордалық зияткерлер еліміздің «Үздік жас биологы» атанды

Қызылордалық зияткерлер еліміздің «Үздік жас биологы» атанды

«Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас биолог-2023» байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ең үздік топ» номинациясын иеленді. Ал топ жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Несібелі Башенова басылымның ақылдастар алқасының мүшесі атанды.

Үздік топ құрамында Нұрмұхаммед Марат, Аянат Андас, Әлия Төлепберген, Асылжан Жомартқызы, Іңкәр Бақытбек бар. Бір жыл бойы дарынды өрендер «Биолог» анықтамалығының ұсынған тапсырмаларын белсенді орындап, жоғары академиялық білімдерімен және танымдық қабілеттерімен жеңіске жетті.