Білім берудің ұлттық және халықаралық үздік тәжірибелерін қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты, интеллектуалды дамуына ықпал ететін сапалы білім беру.
- МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ – академиялық терең біліммен қаруланған, үш немесе одан да көп тілді меңгерген, кең ауқымды дағдылары қалыптасқан, Қазақстан Республикасының және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге қабілетті, елдің және әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар, адамгершілік құндылықтары жоғары ұлтжанды тұлғалар.
- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ – әр оқушының жеке әлеуетін жүзеге асыратын біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар
- БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ – оқушының жан-жақты дамуына әсер ететін инновациялық технологиялар мен түрлі оқу ресурстарын қамтитын, игілікті, қолайлы және қауіпсіз орта
- МЕКТЕП ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – стратегиялық мақсаттарға жету үшін тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыс жасайды.
- Құрмет
- Адалдық
- Ашықтық
- Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері
- Отансүйгіштік және жауапкершілік
- Денсаулық және әл-ауқат
- Еңбекқорлық және шығармашылық
- Жаһандық азаматтық
ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ – бұл жаһандық қоршаған ортаны және оның өзара байланысын түсіну, әртүрлі мәдениеттерге толлеранттық пен жанашырлық көрсету, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті, тұрақтылық пен әділеттілікті нығайтуға үлесін қосу.
ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТ
– Жергілікті, ұлттық және жаһандық қауымдастықтар арқылы кең әлемді біледі және түсінеді.
– Барлық адамдардың құқықтары мен ар-намысын қорғайды.
– Ақылға қонымды шешімдер қабылдайды және оң, әділ, әрі қауіпсіз әлем құруға көмектеседі.
– Әлемді әділетті және тұрақты ету үшін басқалармен бірлесе жұмыс жасайды.
– Әлемдегі экологиялық мәселелерді шешуге үлесін қосады.
САНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ – қоғам игілігі үшін сандық кеңістікте өзін-өзі дамытуға және өзара әрекеттесуге бағытталған сандық білім мен дағдылардың жиынтығы.
Оқушылардың ерекше қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету