You are currently viewing Көшбасшылар форумы

Көшбасшылар форумы

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстық көшбасшылар форумы өтті.

Тәжірибе алмасу алаңына аймақтағы жалпы білім беретін мектептердің президенттері, вице-президенттері мен үйлестірушілер жиналды. Мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов қатысушыларға сәттілік тілеп, көш бастаған оқушылардың мектеп дамуындағы рөлі зор екенін атап өтті.

«Бірлігіміз жарасқан» психологиялық тимбилдингте лидерлер бірлескен іс-әрекеттер жасап, ынтымақтастық пен ауызбіршілік қасиеттерін дамытты. Ал топтық жұмыс кезеңінде командалар өзін-өзі басқару ұйымдарының моделін құрып, оны дамыту бойынша үздік жобаларымен бөлісті.

– Көптеген идеялар ұсынылды, әрқайсымыз өзімізге түртіп алып отырдық. Бүгінгі алған тәжірибені алдағы уақытта мектептерге енгізіп, жаңа бағытта жұмыс жасайтын боламыз, – дейді №268 мектептің көшбасшысы Асылзат Нұрғабыл.

Үйлестірушілер үшін NIS белсенділері «Эмоционалды интеллектінің маңыздылығы» тақырыбында практикум өткізді және көшбасшылық қасиеттері мен салалық ерекшеліктерін анықтау жолдарын көрсетті.

– Нағыз көшбасшы өзі дамып қана қоймай, басқарларға үлгі бола білу керек. Топтасып жасалынған жұмыс оң нәтижеге алып келеді. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы мектептің рейтингісін жақсартуға өзінің септігін тигізетіні анық, – дейді С.Толыбек атындағы №3 ІТ мектеп-лицейінің президенті Азат Жұматай.