You are currently viewing Олимпиада ойындарына 100 күн қалды

Олимпиада ойындарына 100 күн қалды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Ляззат Абдираимова 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына арналған ашық сабақ өткізді.

«Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды» республикалық акцияны Орталық Азияның тұрақты дамуы жөніндегі «Creative&Innovation Institute» қоғамдық қоры мен Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штаб ұйымдастыруды.

Науқан аясында бүгін еліміздің барлық оқу орындарында оқушыларды әлемдік жарыстардың тарихымен, қазақстандық спортшылардың жеңістерімен және алдағы 2024 жылғы Париж Олимпиадасының ерекшеліктерімен таныстыратын ашық сабақтар мен шығармашылық байқаулар өтті.

Айта кетейік, биылғы жазғы Олимпиада ойындары Францияда 26 шілдеде бастау алып, 11 тамызда аяқталады. Ойындар бағдарламасына брейк, серфинг, скейтбординг және спорттық өрмелеу секілді жаңа спорт түрлері енді.