You are currently viewing Ғылыммен жарқын болашаққа

Ғылыммен жарқын болашаққа

Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия-биология, физика-математика пән бірлестіктерінің онкүндігі басталды.Алдағы екі аптада оқушылар түрлі зияткерлік-танымдық іс-шараларда бас қосып, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білімдерін арттыратын болады.

Атап айтқанда, жас дарындылар арасында «Pub quiz» деңгейлік викторина сайысы, «Smart science team» топтық ойындары, «Эрудит» онлайн олимпиадасы ұйымдастырылып, үздік оқушылар мен командалар анықталатын болады. Сонымен қатар, жас өнертапқыштар өздері құрастырған роботтарын және STEM жобаларын арнайы көрмеге қойып, жоғары оқу орындарының студенттерімен ғылыми сайыста бақ сынамақ. Онкүндік барысында қоғамдық бау-бақша челленджі, ғарыш құрылысы бойынша шеберлік-сыныптарға қатысып, креативті идеяларын көпшілік назарына ұсынады.