You are currently viewing Пікірсайыс: жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салу – қажеттілік

Пікірсайыс: жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салу – қажеттілік

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Бұл парала жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салу қажет деп санайды» тақырыбында ағылшын тілінде пікірсайыс өтті.

Зияткерлік ойынға NIS оқушылары Алуа Едігеева, Виктория Ерчкова, Әділет Әбдіжәміл және №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының тәрбиеленушілері Бекзат Жұбаныш, Али Акимали, Омар Байзақ қатысып, көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымдарын ортаға салды.

Екі команда да өз пікірлерін ағылшын тілінде еркін жеткізіп, қарсыластарының сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, проблеманы шешу жолдарын ұсынып, көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Сарапшылар ретінде ағылшын тілі мұғалімдері Перизат Дәрібай мен Сұлтан Көлдеев тағайындалды. Қызу талқылаулардан кейін NIS командасы жеңімпаз деп танылды. Ал Виктория Ерчкова мен Омар Байзақ «Үздік спикер» номинациясына ие болды.