You are currently viewing Таза өлке: Қызылордадағы NIS-те тазалық күні өтті

Таза өлке: Қызылордадағы NIS-те тазалық күні өтті

«Таза Қазақстан» республикалық науқан аясында Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектепте экологиялық акция өтті.

Ұлдар мектеп ауласын қоқыстан тазалап, тал егуге топырақты дайындаса, қыздар қауымы сабаққа арналған заттар сақталатын локерлерді жуып-сүртіп, сөрелерді ретке кетірді. Сондай-ақ, ғимарат сыртындағы ауланы сыпырып, жаппай өтіп жатқан науқанға үн қосты.

«Шаңырақпен далада жер қазып, арықтарды жапырақтардан тазаладық. Бізді еңбекке баулыған керемет шара болды. Әр адам тазалықты өзінен бастау керек. Айналаға қоқыс тастамай, табиғатқа жанашырлық танытуы қажет. Мұндай шараларды жиі өткізіп тұруға дайынбыз», — дейді 7-сынып оқушысы Бірлік Нәби.

Айта кетейік, алдағы уақытта мектеп ауласына 400-ге жуық көшет егу жоспарланған.