You are currently viewing Мектеп қоржыны 44 авторлық құқықпен толықты

Мектеп қоржыны 44 авторлық құқықпен толықты

Биылғы оқу жылында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары 44 авторлық құқыққа қол жеткізді. Педагогтер білім беру үдерісінде түрлі оқыту әдістерін қолдану, пән бойынша тапсырмалар жинақтары мен педагогикалық әдістемелік көмекші құралдарын Ұлттық зияткерлік меншік институтына тіркеді.

Сонымен қатар, оқушылардың ағылшын тілінен сөздік қорын сандық карточкалар арқылы байыту, халықаралық IELTS емтиханына өздігінен дайындалу тиімділігі, Қызылорда облысының тарихы туралы қазақ-ағылшын тіліндегі еңбектері мен егіс алқаптарын автоматты суару жүйесі секілді зерттеу жобалары да авторлық құқыққа ие болды.