You are currently viewing «Өркен» грантының иегерлері NIS-тің жұмысымен танысты

«Өркен» грантының иегерлері NIS-тің жұмысымен танысты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2024-2025 оқу жылының конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша «Өркен» білім грантын жеңіп алған оқушылар үшін Ашық есік күні өтті.

Жас өрендер мен ата-аналар мектеп ішін аралап, оқу кабинеттерімен және жабдықталуымен танысты. Жалпы жиналыста мектеп директор Жаңбыржан Бекболатов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктері туралы ақпарат бере отырып, миссиясы, ұстанымы мен құндылықтарын таныстырды.

Директор орынбасарлары оқу бағдарламасының ерекшеліктері мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша баяндап, жазғы демалыста оқушылар оқуы тиіс әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Ата кетейік, биылғы жылы конкурстық іріктеуге 1800-ге жуық үміткер қатысты, оның  120-на «Өркен» гранты табысталды.